Шалдай филиалының қызметкерлерімен орман шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпарат беріліп, оның алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында нақты шаралар талқыланды.
Семинарда орман ресурстарын басқару мен қорғауда ашықтықты қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заманауи әдістерді қолдану мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және оның талаптары туралы түсініктемелер берілді.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, орман шаруашылығында заң бұзушылықтарға жол бермеу және кәсіби әдептілікті сақтау. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік кеңестер берілді.