Мамандар жабайы жануарларға арналған азық қорының жеткіліктілігін, техниканың дайындық деңгейін, профилактикалық шараларды және алдағы қысқы кезеңде патрульдеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар қосымша қоректендіру алаңдарының күйіне және қысқы кезеңде жануарлардың көшіп-қонуын бақылауға ерекше назар аударылды. Кеңестің қорытындысы бойынша маусымдық басым міндеттер айқындалып, алдағы жұмыс жоспары белгіленді.






