«Ертіс орманы» резерватында тұқымбағында өсірілген кәдімгі қарағай көшеттерін қазып алу бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда.
Аталған іс-шаралар орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында жүргізіліп, қалпына келтіруге жататын аумақтарды сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге бағытталған. Іріктелген көшеттер жоғары жерсіну көрсеткіштерімен ерекшеленіп, белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді.
Бұл – орман қорын сақтау және молайту, сондай-ақ өңірдің экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі маңызды кезеңдердің бірі.
Ормандарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп, резерват қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады

 

 

 image-20-04-26-01-10.jpegimage-20-04-26-01-10-1.jpeg