Жыл сайынғы «Парктер шеруі – 2024» табиғат қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Аққулы ауданы мен Шарбақты ауданы мектептері арасында «Оқу орындарының аумағын жинау» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-мектеп аумағын абаттандыру ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер құрамын біріктіруге мүмкіндік беру.
Оқушылар мен мұғалімдер мектап айналасын тұрмыстық қоқыстардан, жапырақтар мен құлаған бұтақтарды тазалап, оқу орындарының аумағында бояу және әктеу жұмыстарын жүргізді.
Эко акция қатысушыларына зор алғысымызды білдіреміз.