Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес барлық мемлекеттік органдардың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Табиғи резерваттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметов орман шаруашылығы жұмыстары барысында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын – алу мақсатында табиғи резерват ұжымына кезекті жиын өткізді.
Жиын соңында адал қоғамды қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі ортаға салынып, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.
Резерваттың әдеп бойынша уәкілі резерватта сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қызмет әдебін сақтау бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.