Резерват аумағында сілеусіндердің саны артып келеді. Бұл – табиғатымыздың байлығы мен биоәртүрлілікті қорғаудың нәтижесі.

Егер Сіз сілеусінді кездестірсеңіз, келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
🔹 Жақындамаңыз, арақашықтықты сақтаңыз.
🔹 Жан-жақтан шуылдап немесе сілеусінді мазаламаңыз.
🔹 Баяу әрі тыныш қимылдаңыз.
🔹 Фотоға түсіріп үлгерсеңіз, бізбен бөлісіңіз!

Табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз!