👩‍🏫 Іс-шараны «Ертіс орманы»МОТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары өткізді.

📚 Дәріс өсіп кележатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталды. Кездесу барысында оқушылар пайдалы әрі маңызды ақпарат алып қана қоймай, тақырыптық ойындар мен талқылауларға белсене қатысты.

🎯 Іс-шара аясында балалар табиғатты сақтау бойынша өз тілектерін жазып, сондай-ақ қоршаған орта үшін не істеуге болатынын және болмайтынын анықтайтын қызықты ойынға қатысты.

💚 Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетіп, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын жақсы түсінетіндерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар экологиялық сананы ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі.

#Резерват #ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #Шалдай #Есілбай #Көгалдандыру #ЭкологиялықАғарту

 

 

image-17-04-26-10-11.jpgimage-17-04-26-10-11-1.jpgimage-17-04-26-10-11-2.jpg