Бесқарағай филиалының аумағында болашақ орман үшін тұқым алу мақсатында бүршік өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шараға 15 адам қатысып, орман шаруашылығын дамыту үшін маңызды үлес қосуда.
Болашақ орманның негізі – бүгінгі дұрыс жүргізілген жұмыс. Табиғатты қорғау және көгалдандыру бағытындағы мұндай шаралар аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және орман қорын молайтуға септігін тигізеді.
Ормандарымызды бірге сақтайық!