2025 жылды қорытындылай отырып, біз алдағы 2026 жылға сеніммен қадам басып отырмыз. Өткен жыл маңызды шешімдерге, нәтижелі еңбекке және нақты жетістіктерге толы болды. «Ертіс орманы» ұжымының бірлескен күш-жігерінің арқасында орман байлығын сақтау, қалпына келтіру және қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз — ортақ жетістіктеріміздің берік негізі.
Жаңа жыл әр шаңыраққа жылулық, қуаныш пен молшылық әкелсін, ал елімізге бейбітшілік, бірлік және ертеңгі күнге деген сенім сыйласын.
2026 жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шабыт, кәсіби өсім мен тұрақтылық әкелсін деп тілейміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!
Жаңа жылдарыңызбен!
Құрметпен, «Ертіс орманы» МОТР РММ
_____________