Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – өмірлік тәжірибесі мен даналығы мол, елге еңбегі сіңген, өнегелі өсиетімен ұрпаққа жол сілтеген аға буынға деген ерекше құрметтің белгісі.
Сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің, төгілген тер мен ерен істеріңіздің арқасында біз бейбіт заманда өмір сүріп, болашаққа сеніммен қадам басып келеміз. Әрдайым ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер — біздің рухани тірегіміз, биік бағамыз!
Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, шаңырақтарыңызға амандық пен береке тілейміз!
Ізгі құрметпен,
«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымы