Жақын арада «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ аумағында бақылау-өткізу пункті (БӨП) өз жұмысын бастайтынын хабарлаймыз.
Бақылау-өткізу пунктін құру Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, көлік құралдары мен келушілердің кіруі мен шығуын бақылауға, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимінің бұзылуының алдын алуға, сондай-ақ мемлекеттік орман табиғи резерватының бірегей табиғи кешендерін сақтауға бағытталған.
Естеріңізге саламыз, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметі Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175-III «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңымен, сондай-ақ жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қағидаларымен реттеледі.
