10 қазан – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күні . Биыл кәсіподақ қозғалысына 120 жыл толып отыр.
Кәсіподақ – бұл еңбек құқықтарын қорғау, қолдау, бірлік пен жауапкершілік.
Біз тек спорттық және мәдени іс-шараларға қатысып, сауықтыру мен көмек көрсетумен шектелмей, Еңбек заңнамасы мен Ұжымдық шарттар арқылы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында күнделікті маңызды жұмыс жүргіземіз.
Бірлескен еңбегіміз орман шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қоса берсін.
Баршаңызға әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық, лайықты еңбекақы, зор денсаулық, оптимизм мен қажымас қайрат тілейміз.
Кәсіподақ қозғалысына адалдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін әрбір кәсіподақ мүшесіне алғыс білдіреміз.
✒️Құрметпен, «Ертіс орманы»