Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі! Оларды қорғау және мекен ету ортасын жақсарту үшін Аққулы ауданының мектеп оқушылары әкелерімен бірге құстарға арналған үйшіктер (скворечник) жасауда.

Бұл игі бастама жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлық танытуға және отбасы арасындағы ынтымақты нығайтуға бағытталған. Әке мен баланың бірлескен еңбегі – қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Әрбір жасалған үйшік – құстарға жаңа баспана, ал балалар үшін табиғатты аялаудың тамаша үлгісі!

Табиғатты бірге қорғайық!

 

image-20-03-25-11-141.jpegimage-20-03-25-11-14.jpeg