«Ертіс орманы» МТОР РММ Шалдай филиалының Борабай орманшылығының қызметкерлері өрт сөндіру су айдынына іргелес аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аумақ тұрмыстық қоқыстардан және құрғақ өсімдіктерден тазартылды. Мұндай жұмыстар мемлекеттік орман қоры аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға ықпал етеді.
«Ертіс орманы» МТОР РММ орман инфрақұрылымы нысандарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ерекше көңіл бөледі.
#ЕртісОрманы #ШалдайФилиалы #БорабайОрманшылығы #Тазалық #ТабиғаттыАялайық #Орман #ОрманШаруашылығы #ТазаҚазақстан


