"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ туризм күнін мерекелеуде марапатқа "Ертіс орманы" МОТР РМ мекемесінің туризм және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Г.Р. Нұрымованы ұсынды.


"Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісін ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.А. Абаев тапсырды.
Гүлнара Раильқызы "Ертіс орманы" МОТР РМ мекемесінде 30 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді.
2012 жылы туризм және экологиялық ағарту бөлімі құрылғаннан бері оның жұмысына үнемі жетекшілік етіп, 2021 жылы бөлім басшысы болып тағайындалды.
Жыл сайын туризм бөлімі "Саябақтар шеруі" жыл сайынғы республикалық экологиялық табиғатты қорғау акциясына белсенді қатысып, осылайша облыстық және республикалық ауқымда экологиялық қозғалыс шекарасын кеңейтіп отыр.
Шалдай мектеп орманшылығының мүшелері соңғы жылдары экологиялық акциялармен Қаратау қорығында, Іле-Алатау ұлттық паркінде, "Семей орманы" МОТР РММ-де, Ақсу қаласының балалар экологиялық ауылында болды.
2019 жылы Гульнара Раильевна жетекшілігімен мектеп орманшылығының мүшелері Воронеж қаласында өткен XVI халықаралық юниорлық орман байқауына қатысып, өз жобаларын қорғап қана қоймай, музыкалық көрсетілім жағымен де өнер көрсетті, осылайша байқауға қатысушыларды тағы да таң қалдырды.
Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, табиғатқа ұқыпты қарауды және туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сіңдіру мақсатында бөлім қызметкерлері туған өлкенің тарихы, оның көрікті жерлері және игі істерімен ел есінде қалған, есімдері аңызға айналған тұлғалар туралы ақпараттар жинаумен айналысады.
Бүгінгі таңда бөлім "Бесқарағайдың алтын шеңбері" атты зиярат ету турын ашу бойынша жұмыс істеуде, сондай-ақ туристік маршруттар мен соқпақтарды әзірлеуде.
Сонымен қатар, туризм бөлімінің қызметкерлері жыл сайын облыстық көрмелерге қатысып, "Ертіс орманы" МОТР РММ-нің туристік мүмкіндіктерімен таныстырып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып отыр.
Сондай-ақ, Астана қаласында қазан айының алғашқы күндері өтетін туризм бойынша халықаралық көрмеге үлкен ынтамен дайындалуда.