«Туған өлкенің орманын сақтаңыздар» акциясы өткізілді.
Орман өрті – үлкен апат,ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Ауыл тұрғындарын, келген қонақтар мен демалушыларды, мектеп оқушыларын Табиғат ана сыйлаған асыл мұра – орманымызды сақтауға шақыру іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралар барысында орманды қорғайық атты буклеттер, ақпараттық қағаздар таратылды.
Өртпен күрестегі басты бағыт-алдын алу. Сол себепті резерват аумағында үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары Шалдай және Бесқарағай филиалдарының орман өрт сөндіру станцияларынана экскурсия жасады. Орман өрті кезіндегі атқарылатын іс-шаралар, орман өртін сөндіруде қолданылатын техникалармен танысты.
Республика аумағында өрттен жыл сайын жүздеген және мыңдаған гектар орман алқаптары, жан-жануарлар зардап шегеді. Күл орнына өмір тез арада қалпына келмейді. Сондықтан, осындай акциялар ормандардағы өрттердің алдын алудағы маңызды құрал болып табылады.
Орман өрттерінің алдын мақсатында резерват аумағында минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстарыда жоспарға сәйкес жалғасуда.
Адамның байлығы – табиғат, оны қорғау, сақтап қалу, келер ұрпағымызға жеткізу – бір мекеменің жұмысы емес, барлық азаматтардың міндеті. Сондықтан тілсіз жаумен күресте барлық адам жауапкершілікті сезінсе, қоршаған орта қалыпты жағдайда болады. Осыған бәріміз бірдей атсалысуымыз керек.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Сөндірілмей тасталған шырпы, жайқалып тұрған орманды құртып жібереді. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін ұмытпау керек. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты өрттен қорғайық. Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.