Қазақстан Республикасының Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай өлкесі бойынша Бас басқармасы арасындағы шекаралас аймақтарда 2021-2023 жж. бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 20-21 маусым аралығында Алтай өлкесінің Михайлов ауданында мемлекеттердің шекаралық және іргелес аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге әрекет ету бойынша мемлекеттік органдар мен күштердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өтті.
Бұл жаттығуға РФ Алтай өлкесінің ТЖМ және "Ертіс орманы" РММ күштері мен құралдары қатысты, сондай-ақ Ресей ТЖМ орталық аппаратының өкілдері мен Беларусь Республикасының ТЖМ бақылаушылары қатысты.
Оқу-жаттығу барысында «Шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау» тақырыбында конференция өтті.
Оқытудың негізгі міндеттері:
- ірі дала және орман өрттерін жою бойынша, оның ішінде өрттің елді мекендерге және іргелес мемлекеттің аумағына таралу қаупі төнген кезде бірлескен іс-қимыл мәселесі бойынша бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселесін пысықтау.
- қалыптасқан жағдайға және күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес, сондай-ақ іргелес облыспен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлар мен нұсқаулықтарға сәйкес күштер мен құралдарды тарту және арттыру.
-күштер мен құралдарды басқару бөлігінде өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру, ірі орман және дала өрттерін сөндіруде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.