Ағымдағы жылдың 04 наурыз күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорының м.а. Қазбек Қасымұлы Әметовтың басшылығымен филиал директорлары мен инженерлік құрамының, бас орманшылардың қатысуымен техникалық кеңес өтті.
Кеңесте көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстары мен 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы талқыланды.
Жиын барысында орманшыларға бірқатар тапсырмалар берілді атап айтқанда:
-өрт қауіпті маусымға дайындық жүргізу (жедел жоспар әзірлеу, өртке қарсы техниканы, жабдықтар мен бақылау нысандарын жөндеу, орманшылықтар бойынша сыйымдылықтар мен ұңғымалардың жай-күйін тексеру, тұрақты телефон және радио байланысын қамтамасыз ету, тұрақты түрде табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің оның ішінде заңсыз ағаш кесуді алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу);
- Шарбақты және Аққулы аудандарының орман алқабына жақын елді-мекен тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз ету мақсатында, ағаш дайындау бригадаларын жергілікті тұрғындардан қалыптастыру. Ағаш кесу бригадалары ағаш кесуді орындау кезінде ормандағы өрт қауіпсіздігі және ағаш кесу ережелерін қатаң сақтау;
-резерваттың 2 орман тұқымбағында отырғызу материалының сапасын жақсарту мәселесін қарастыруға, агротехникалық нормаларды сақтай отырып, орман дақылдарын отырғызу сапасына тұрақты бақылау жүргізу;
- ғылым бөлімінің қызметкерлері қурап қалған ағаштарды, ағаштың түрлі ауруларын зерттеу мақсатында ғылыми институттармен бірлесіп жұмыс жасау.
Техникалық кеңес соңында табиғи резерват заңгері – әдеп бойынша уәкіл- Мұрат Есұмқанов қызметкерлермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кезекті дәріс өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және алдын алу мақсатында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен, ҚР Қылмыстық кодексінің және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жөніндегі баптарының мазмұнымен таныстырылды.
Қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға және «Пара алмау және бермеу» қағидаты бойынша парақорлықты тұрмыстық деңгейде жоюға басты назар аударылды.