Резерват басшылығының бастамасымен «Таза Қазақстан», «Парктер шеруі 2024» акциялары аясында Шалдай филиалының Садықашы орман шаруашылығында «Лешкина тропа» туристік маршрутында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Торайғыров университетінің агротехнология кафедрасының студенттері шақырылды.
Акция таңертең орман аймағының аты аңызға айналған адамы, ХХ ғасырдағы мұсылман ағартушысы Ғабдулла Уахит Хазрет кесенесіне барудан басталды.
Бірлескен күш-жігермен маршруттың көп бөлігі қысқы Дауылдан кейін бұтақтардан және басқа да қоқыстардан тазартылды.
Акция сәтті өтті!
Бірлескен экологиялық іс-шараны өткізуге жәрдемдескені үшін Торайғыров университетінің басшылығына алғыс айтамыз.
Ыстық тамақты ұйымдастыруда демеушілік көрсеткені үшін "Елдар" ЖК, "Имран" ЖК, Ж.Е. Бегимоваға, О. С. Маляноваға,Е. А. Остапенкоға және "Қарағай алаңы" қонақ үйінің жұмыскерлеріне алғыс білдіреміз.