“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Жас орманшы” мектеп орманшылығының жас мүшелері бөлмелік гүлдер отырғызды. Бұл шара табиғатты қорғауға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады.

Бөлмелік гүлдердің пайдасы:
Ауа тазалайды: Өсімдіктер ауаны зиянды заттардан тазартып, оттегімен байытады.
Көңіл-күйді жақсартады: Табиғи жасыл түс стрессті азайтып, жұмысқа деген қабілетті арттырады.
Ылғалдылықты реттейді: Өсімдіктер ылғал бөліп, үйдегі құрғақ ауаны қалыпқа келтіреді.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді іс жүзінде көрсетейік!

 

Изображение_WhatsApp_2024-12-12_в_08.49.53_4c15edd2.jpg