2026 жылғы 29 мамырда Борабай және Сейтен орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында орманшылықтар аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоқыстар жиналып шығарылды, сондай-ақ орманшылық кеңселерін абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған іс-шаралар аумақтардың тиісті санитарлық жағдайын сақтауға және қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
«Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
#ТазаҚазақстан #Экология #ТазаЕл




