16 сәуір күні резерваттың туризм бөлімінің мамандары «Парктер шеруі – 2026» және «Таза Қазақстан» акциялары аясында көгалдандыру бойынша экологиялық іс-шара өткізді.
Аққулы ауылының орталық саябағында ауыл әкімдігі мамандары мен мектеп оқушылары бірлесіп, көшет отырғызды: 200 түп алма ағашы және 300 түп қарағай егілді.
Іс-шара жастар мен жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен өтіп, табиғатты қорғаудағы бірлескен еңбектің маңыздылығын көрсетті.
Бұл бастама ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып қана қоймай, тұрғындарды біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Мұндай акциялар экологиялық ағартуда ерекше рөл атқарады және оларды тұрақты түрде өткізу маңызды.
Табиғи байлықтарды сақтау мен көбейту — баршамыздың ортақ міндетіміз

 

 

image-18-04-26-04-20.jpgimage-18-04-26-04-20-1.jpgimage-18-04-26-04-20-2.jpgimage-18-04-26-04-20-3.jpgimage-18-04-26-04-20-4.jpg