#ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
#БЕРЕКЕЛІ ӨЛКЕ
«Ертіс орман» табиғи резерваты ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бастау алған«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуда.
Акцияның алғашқы аптасы «Берекелі өлке» атауымен өтуде.
Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні табиғи резерватының басқарма ұжымы резерват ғимаратының аумағы мен Дендросаябақта тазалық жұмыстарын өткізді.
«Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болады» дегендей, әрқайсымыз өзіміздің тұратын мекенді, табиғатымызды күтіп ұстап, артық-ауыс қалдықтарды кез келген жерге тастамауға шақырамыз.
Қоршаған ортамызды таза ұстау әрбір адамның азаматтық борышы екенін естен шығармаған жөн!