Қазіргі уақытта аңышылқатанушылар бұғы – бұлан, елік тұқымдасына 2000 дана көктерек, қайың, жусаннан азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындады. Бұл азықтар резерват аумағында мекендейтін жануарлардың қыстан шығуына және аймақта санының өсуіне орасан зор септігін тигізбек.
Резерват аумағында келесі биотехниялық құрылыстар орнатылған: 205 дана оттықтар,297 дана тұз жалақтар, 76 азықтандыру алаңдары, 75 жасанды ұялар.
Жануарларды тамақтандырып қана қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулауды бейсаналық әуесқойлардан сақтау керек. Осы орайда күнделікті аңшылықтанушылар мемлекеттік инспекторлармен және ТКжНҚ бөлімінің мамандарымен бірлесіп, орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша бекітілген орман аумағында патрульдеу жүргізіледі.
ЕҚТА аумағында заңсыз аң аулағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.
Осы жылдың басынан бастап резерват аумағында орман күзетінің адал жұмысының арқасында браконьерлік жағдайлары тіркелген жоқ.