Барлығы 76 тоннадан астам бүршік жинау жоспарлануда.
Шалдай және Бесқарағай филиалында табиғи резерват орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары мен орман қалпына келтіру жұмыстарының маусымдық қызметкерлері қарағай бүршіктерін жинауға кірісті. Дайындалған орман тұқымының шикізатынан жоғары сапалы тұқым алу жоспарлануда. Жақында бүршіктер кептіру, тұқым алу және тазартудан тұратын өңдеу процесінен өтеді.
Қызметкерлер тұқым жинау процесі көп уақытты қажет ететін жұмыс екенін және бірнеше кезеңдерді қамтитынын атап өтті. Жинауды бастау алдында орманшылар егістік қасиеттерін, зиянкестер мен аурулардың зақымдануын анықтау үшін бүршік жинау орындарына тексеру жүргізеді. Бүршіктің диаметрі кемінде бір жарым сантиметр болуы керек. Ұзындығы бойынша-кемінде үш сантиметр. Әрине, былтырғы емес, биылғы жылы піскен болуы қажет. Содан кейін бүршіктер қолмен жиналады.
Ерте жиналған қарағай бүршіктері бір айдан кейін өңделеді. Жиналған бүршіктер қоймада сақталады. Бірақ көп ұзамай олар кептіру үшін арнайы қоймаға жеткізіледі – плюс 50 градус температурада бүршік тезірек ашылады.
Тұқым партиялары жиналғаннан кейін үлгілер куәліктер мен тұқымның кондициялылығын алу үшін Семей АОТС-на зертханалық талдауға жіберіледі.
Содан кейін алынған тұқымдар тұқымбаққа жіберіледі – онда мамандар оларды жерге сеуіп және өсуін бақылайды. Бүгінгі бүршіктер 2 жылдан кейін ғана толық отырғызу материалы болады.
Тұқымнан өсірілген көшеттер өрттен және ағаш кесуден зардап шеккен орман учаскелеріне отырғызылады.
Бүршік жинау жоспары көшеттердің жерсіңіуі 10 пайыздан аспайтындығын ескере отырып жасалады.