Ағымдағы жылдың 12 тамызында табиғи резерваттың туризм және экологиялық бөлімі Аққулы ауданында өткен облыс кітапханашыларының форумына қатысты.
Туризм бөлімі ауданадық мәдениет үйінің фойесында облыстың түпкір-түпікірнен жиналған делегаттарға өз көрмесін ұсынды. Көрмеде әр түрлі табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, өлкеміздің табиғи, тарихи байлығы, табиғи резерваттың туристтік маршруттары жайлы ақпараттық стендтар мен таратпа қағаздар ұсынды.
Туризм бөлімінің басшысы Нурумова Гүлнар Раильқызы қонақтарға туризм және экологиялық ағарту бөлімінің жұмысымен таныстырса, бөлім маманы Дәмеш Абаилдинова қатысушыларды туған өлкенің көрікті жерлерімен таныстырды.
Орман аймағы-бұл қасиетті жер, оның сұлулықпен, ғасырлық тарихқа, аңыздар мен құпияларға бай жер.
Өткен форум халықтың өзінің мәдени игілігін қалай бағалайтынын көрсетті. Жас ұрпақ өз тарихын құрметтеу, туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуі керек.
Аққулы ауданының мәдениет бөлімі өлкеміздің тарихы мен көрікті жерлерін сақтау мақсатында "Ертіс орманы" МОТР РММ-не ынтымақтастықты ұсынды.