Бүршіккептіргіштерде орманды қалпына келтірудің маңызды кезеңі жүргізілуде – қызметкерлер қарағай бүрлерін өңдеп, тұқым алумен айналысуда. Бұл тұқымдар болашақта жаңа жасыл ормандардың негізі болмақ.

Процесс кезеңдері:
- Бүрлерді арнайы температурада кептіру, бұл олардың ашылуына көмектеседі.
-Тұқымдарды мұқият жинап, сұрыптау.
- Тұқымдарды отырғызуға дайындау.

Бұл еңбек табиғатты сақтау және болашақ ұрпаққа жасыл әлем қалдыру жолындағы маңызды қадам.