26 қыркүйекте Шалдай филиалының Садықашы орманшылығының қызметкерлері резерваттың туризм және эко ағарту бөлімінің мамандарымен бірлесіп "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында туристер жиі баратын "Лешканың соқпақ жолы" туристік маршрутында сенбілікке шықты.
Өткен ғасырдың 90 - жылдарында ірі орман өрті болған учаскелерде өтімді емес қоқырсу қалдықтары шығарылды.
Шеберлер демалушылар үшін жаңа экспозиция жасалып және қолданыстағылары ретке келтірілді.
Резерватта тазалық жұмыстарын өткізу жақсы дәстүрге айналған.
Сенбілік ұжымның бірігуі мен ынтымағына септігін тигізеді, таза және әдемі орманды аймақта өмір сүруге деген құштарлықты күшейтеді.