Кездесу барысында жабайы жануарларды қысқы есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жан-жақты қарастырылып, есептік жұмыстарды орман алқабында орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ браконьерлікке қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша түсіндірме беріліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі міндеттер белгіленді.
Осындай іс-шаралар мамандардың жұмыс тиімділігін арттыруға және резерват филиалдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.







