Іс-шара барысында оқушылар орман шаруашылығының ұйымдастырылуымен танысып, дендропарк пен Еске алу аллеясын аралады.
🚁 Шалдай ауылының орман қорғау авиациялық бөлімшесінде оқушыларға орман өрттерін анықтау және сөндіру әдістері туралы айтылып, авиациялық техника көрсетілді.
🚒 Орман өрт сөндіру станциясында оқушылар өртті сөндіру кезінде қолданылатын техника мен жабдықтармен танысты.
🛡️ Шекара заставасына бару барысында оқушылар қызметтің ерекшеліктері туралы біліп, мемлекеттік шекараны қорғау құралдарымен танысты.
🌱 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
🌿 Экскурсияның соңғы кезеңінде оқушылар Шалдай филиалының тұқымбағына барып, қарағай өсіру үдерісімен танысты, сондай-ақ орман ішінде серуендеді.
💚 Өткізілген іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатты қорғау қызметі туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.









