«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты — биоалуантүрлілігі жоғары және ғылыми маңызы зор аумақтардың бірі.

Қазіргі таңда мұнда:

— құстардың 90 түрі тіркелген, оның ішінде 10 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген

— өсімдіктердің 307 түрі

— сүтқоректілердің 21 түрі анықталған

2025 жылы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық зерттеулер нәтижесінде резерват аумағында бұрын тіркелмеген тағы 40 құс түрі анықталды. Олардың ішінде Павлодар облысы бойынша алғаш рет тіркелген түрлер:

• Circaetus gallicus - кәдімгі жыланжегіш – обыкновенный змееяд (25.04.2025)

• Coccothraustes coccothraustes – ементұмсық - дубанос (26.03.2025)

• Saxicola maurus - азиялық қарабас шақшақ – азиатский черноголовый чекан (03.05.2025)

• Emberiza cioides - қызылқұлақ сұлыкеш – красноухая овсянка (17.03.2026)

Бұл нәтижелер «Ертіс орманы» резерватының биоалуантүрлілігі жоғары әрі ғылыми тұрғыдан маңызды аймақ екенін дәлелдейді. Алдағы уақытта да жүйелі мониторинг жұмыстарын жалғастырылуда. Табиғи мұраны сақтау мен қорғауда «Ертіс орманы»-ның алатын орны айрықша.

Табиғатты сақтай отырып — болашақты сақтаймыз!

 

 

image-01-04-26-08-06.jpegimage-01-04-26-08-06-1.jpegimage-01-04-26-08-06-2.jpegimage-01-04-26-08-06-3.jpeg