Резерват аңшылықтанушылары «Суда жүзетін және жабайы құстарға» аңшылық маусымның ашылуына байланысты ПБ қызметкерлерімен және аумақтық инспекция мамандарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Естеріңізге сала кетейік, “Ертіс орманы” республикалық мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған. Заңсыз аң аулағаны және  табиғатқа  орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар әкімшілік және қылмыстық  жауапкершілік тартылады.