Жазғы маусымда орман өртінің қаупі арта түседі. Кейде бір ғана сөндірілмеген от немесе абайсыз тасталған темекі тұқылы орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін.

⚠️ Өрттің негізгі себептері:
• рұқсат етілмеген жерде от жағу;
• сөндірілмеген темекі немесе сіріңке;
• құрғақ шөпті өртеу;
• отпен абайсыз әрекет ету.

📌 Қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✅ Орманда от жақпаңыз;
✅ Қоқыс пен жанғыш заттарды қалдырмаңыз;
✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✅ Демалыс аяқталған соң өрт қаупін толық жойғаныңызға көз жеткізіңіз.

🚨 📞 Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу хабарлаңыз:
• 101 – Өртке қарсы қызмет
• 112 – Бірыңғай құтқару қызметі
• Резерваттың кезекші қызметі: +7 705 601 96 80

🌿 Табиғатты бірге қорғайық!

🌿 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Бүгінгі жауапкершілігіміз – ертеңгі жасыл орманның кепілі.

#өртқауіпсіздігі #ормандықорғайық #ертісорманы #табиғатқақамқорлық