Азаматтарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін еске саламыз. Орман өрттерінің алдын алу – қоғам алдындағы маңызды жауапкершілік, сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.
Табиғат аясында демалып жүрген барлық тұрғындарды мұқият әрі қырағы болуға шақырамыз. Есіңізде болсын: өртті сөндіргеннен гөрі оның алдын алған әлдеқайда оңай.
Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз. Орманда тәртіп сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындау – орманды өрттен қорғаудың басты кепілі.
#ЕртісОрманы#Орман#ТабиғаттыАяла#ӨртҚауіпсіздігі