«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. ⠀
Дәріске орман шаруашылығы мамандары мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында: биологиялық алуантүрліліктің маңызы;
сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдары;
табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды. ⠀
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай дәрістер – табиғатқа деген сүйіспеншілік ен жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді жолы. ⠀
Табиғатты сақтау – әр ұрпақтың борышы! ⠀




