5 маусым күні Павлодар қаласында Қоршаған ортаны қорғау күніне арналған ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Мемлекеттік инспекторлар мен оқушылардан құралған колонна саябақтың кіреберісінен бастап сахнаға дейін ұрандармен жүріп өтті. 💚
📣 «Біз Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, болашақ ұрпақтан қарызға аламыз» — деген үндеумен 670-тен астам қатысушы табиғатты қорғау жолында біріккен шеруге шықты.
🎨 Бағдарламада:
— «Менің туған өлкем» көрмесі
— табиғи материалдардан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттары
— фотозоналар
— экоквест және шөп шай ұсынылған фитостол
— концерт және белсенді қатысушыларды марапаттау 🌿