Табиғи резерват аумағына орман тұқымбағында орман екпелерін өсіру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Семей орманы» резерватының мамандары іс-сапармен келді. Сапар барысында табиғи резерват мамандары әріптестерін резерваттың орманды қалпына келтіру жұмыстарында пайланылатын орман екпелерін тұқымбақта дұрыс өсіріп, баптаудың технологияларымен таныстырды.
Биылғы жылы біздің өңірде орман алқаптарын қалпына келтіруге және ұлғайтуға бағытталған жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, келшушілерге туризм бөлімінің мамандары «Ғабдұл Уахит Хазірет», «Лешканың соқпақ жолы», туристтік маршруттарына және «Қарағай алаңы» қонақ үйіне экскурсия ұйымдастырды.
Осындай тәжірибе алмасулар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандарын дамыта отырып, кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді.