Ағымдағы жылдың 20 шілде күні табиғи резерваттың Бәйімбет орманшылығында орналасқан №10 «Сары бәйбіше» және «Шоғман қожа» туралы әңгімелер» туристтік маршрутында тарихи маңызды іс-шара өтті.
48 жыл бойы ұрпақтарында сақталған емші Сары бәйбіше қолданған қойдың жауырыны ресми түрде облыстық Бұқар жырау атындағы мұражайына табысталды.
Аталмыш шараға әулие Сары бәйбіше ұрпақтары, сакралды орындар жанашырлары Ташимов Бауыржан, Бұқар жырау атындағы мұражайының директоры Ербол Қайыров, «Батыр Баян» қоғамдық қорының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Сұңғат Тапалчинов, облыстық «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар қаласы, Шарбақты, Аққулы ауданынан қонақтар қатысты. Іс-шара барысында туристтік маршрутта аруақтарға құран бағышталып, ас берілді.
Сәрі бәйбіше басына мазар көтеру, туристтік маршрутты аббаттандыру жұмыстары талқыланды.