Құрметті әріптестер, достар және табиғат жанашырлары!
Көктемнің шуақты мерекесі – Амал мейрамы құтты болсын! Бұл күн – татулық пен бірліктің, мейірім мен сыйластықтың нышаны. Көрісу күні – ата-баба дәстүрінен қалған қасиетті дәстүр, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіпейілдік танытатын, жақсы сөз бен ізгі ниет айтылатын ерекше сәт.
Бүгін біз Шалдай ауылының мекемелерін аралап, әріптестерімізбен, ауыл тұрғындарымен жылы лебіздерімізді бөлісіп, бір-бірімізге ақжарма тілектер айтып, қол алысып, құшақ жая қауыштық.
Амал мерекесі баршамызға жақсылық әкелсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, елімізге тыныштық пен молшылық тілейміз!