Шалдай орта мектебінің оқушылары үшін «Жергілікті тұрғындардың табиғатты қорғаудағы рөлі» тақырыбында танымдық лекция өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы, жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру жолдары және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың негізгі қағидалары түсіндірілді.
Лекция оқушылардың экологиялық ой-өрісін кеңейтуге, туған өлкенің табиғатын аялауға және табиғат қорғау шараларына белсенді қатысуға ынталандыруға бағытталды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

 

 

image-14-11-25-12-20.jpegimage-14-11-25-12-20-1.jpegimage-14-11-25-12-20-2.jpeg