🌿 «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы жер учаскелері туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.
📅 Маңызды күндер: 🗓️ Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 13 тамыз сағат 18:00-ге дейін. 📂 Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу – 2026 жылғы 14 тамыз сағат 11:30-да.
🏕️ Ұсынылатын жер учаскелері: ✅ туристік инфрақұрылымды дамытуға; ✅ демалыс аймақтарын құруға; ✅ инвестициялық жобаларды іске асыруға; ✅ экологиялық туризмді дамытуға арналған.
Артықшылықтары: ✔️ туристерге арналған уақытша туристік инфрақұрылым нысандарын орналастыру мүмкіндігі; ✔️ жер учаскелері табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып пайдаланылады; ✔️ экологиялық туризм саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік.
🤝 Инвесторлар мен кәсіпкерлерді өңірдің бірегей табиғатын сақтай отырып, «Ертіс орманы» резерватының туристік әлеуетін дамытуға атсалысуға шақырамыз!
📞 Қосымша ақпарат: «Ертіс орманы» МТОР РММ қабылдау бөлмесі: 8 (71836) 3-22-52
#ЕртісОрманы #Экотуризм #Инвестиция #ҚазақстанТуризмі
