Ағымдағы жылдың 14 маусымында табиғи резерваттың бас директоры, орынбасарлары және "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы" РМҚК Семей құрылымдық бөлімшесі мамандарымен отырыс өтті. Отырыс барысында табиғи резерваттың екі филиалында орманның аса қауіпті зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жүргізу бойынша іс-шаралар барысы талқыланды.
«Ертіс орманы» табиғи резерваты 16.06 бастап. 20.06.2022 күндері аралығында "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында орманның аса қауіпті зиянкесі жұдызшалы тоқығыш – егеуішке қарсы химиялық өңдеу жүргізілетінін естерңізге салады. Осыған байланысты, тұрғындардан орманға келуді шектеуді, сондай-ақ мал бағуды, орман қоры аумағында Ара ұяларын ұстайтын омарташыларға бал араларының ұшуын шектеуді және орманға келуді барынша шектеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.