Іс-шара 2026 жылғы 3 сәуірде сағат 11:00-де Павлодар қаласының жағалауында өтеді.
«Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізіледі.
Акцияның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау және өскелең ұрпақ арасында экологиялық ағартуды дамыту мәселелеріне халықтың қалың бұқарасын тарту.
Ашылу қатысушылардың мерекелік экологиялық шеруінен басталады.
Іс-шара бағдарламасында:
• табиғатқа арналған фотогалерея;
• дәрілік өсімдіктердің экспозициясы;
• көркем галерея;
• табиғатты зерттеуге және қорғауға арналған заманауи техниканы көрсету (камералар, дрондар, камера қақпандары);
• құс үйін жасау бойынша мастер-класс.
Бағдарламаны бірлік пен келісім атмосферасын құратын мерекелік концерт аяқтайды.
Қатысушыларды тіркеу Естай көшесі, 31/1 мекенжайы бойынша сағат 10:30-да басталады.
Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!