"Ертіс орманы" МОТР РММ қызметкерлері резерват аумағындағы туристтік маршруттарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. "Ертегіде қонақта" туристік маршрутында ақпараттық аншлагтар жаңартылды, күркелер (беседкалар), қарау алаңдары, сахна жөнделді, ойын алаңындағы әткеншектер сырланды.
Туристтік маршрут аумағында орналасқан пайдалы балшығы бар Тайбағар тұзды көлі және әдемі орман демалу үшін таптырмас орын.