Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады. Биылғы жылы резерваттың 10140 шақырым аумақта минералды жолақтарға күтім жасау және 570 шақырым жаңа жолақтар құру жоспарланған, қазіргі уақытта 900 шақырым жолаққа күтім жасалып, 30 шақырым жаңа жолақтар құрылды.