Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады.  Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады. Биылғы жылы резерваттың 10140 шақырым аумақта минералды жолақтарға күтім жасау жоспарланған, қазіргі уақытта 1117 шақырым жолаққа күтім жасалды. 


Өртке қарсы аншлагтар мен плакаттар – табиғатта абай болу қажеттілігі туралы еске салу құралы. Басты жолдарда үгіт-насихат сипатындағы және орман өртін, табиғат заңнамасын бұзуды анықтаған жағдайларда хабарлау үшін байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық аншлагтар жаңартылып, орнатылды.