🌲Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындықты арттыруға бағытталған республикалық штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығулар аясында мемлекеттік органдар, орман мекемелері және азаматтық қорғау қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Әсіресе, жедел әрекет ету, орман өрттері туындаған жағдайда іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ оларды оқшаулау және жою бойынша практикалық дағдыларға ерекше назар аударылды.
Аталған оқу-жаттығуларға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері де қатысып, жоғары кәсіби дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен күрделі жағдайларда міндеттерді орындауға дайын екендігін көрсетті.
✨Осындай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және орман қорын қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


