Щербакты ауданының полиция қызметкерлері Сейтен орман шаруашылығында жоспарлы рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтің басты мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, соның ішінде заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерін болдырмау.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері орман шаруашылығы өкілдерімен бірлесіп, орман алқаптарының осал учаскелерін тексерді. Ертеректе заңсыз шаруашылық қызметі тіркелген жерлерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен және демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, ауданның табиғи ресурстарын сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Щербакты ауданының полициясы азаматтарды табиғатты қорғау нормаларын сақтауға шақырады және заң бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

 

 

 image-15-05-25-11-39.jpegimage-15-05-25-11-39-1.jpeg