«Ертіс орманы» МОТР РММ ТКжНҚҚ қызметкерлері шабындық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және табиғи өрттердің туындауына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қауіпсіз шөп шабудың негізгі ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

🌲 Еске саламыз: өрт қауіпті кезеңде орман алқаптарына жақын жерлерде техниканы пайдалану және ашық отпен жұмыс істеу кезінде аса сақ болу қажет. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өрттің алдын алуға және орманды сақтауға көмектеседі!

#ЕртісОрманы #ӨртҚауіпсіздігі #ШөпШабу #ӨрттіңАлдынАлу #ОрмандыҚорғайық #РейдтікІсШаралар

 

 

image-26-08-26-05-36.jpg