📅 Ағымдағы жылдың 20-22 желтоқсан аралығында Павлодар облысындағы “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары, “Охотзоопром ӨБ” мекемесінің инспекторлары және Шарбақты ауданының табиғатты қорғау полициясы бірлесіп мемлекеттік орман қоры аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

♻️ Рейдтің негізгі мақсаты – орманды заңсыз кесу, аң аулау және табиғатқа зиян келтіретін басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

📍 Үш күндік шара барысында мемлекеттік орман қоры аумағында бақылау күшейтіліп, бірнеше аймақ тексеруден өтті. Қуаныштысы, рейд барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмеген. Бұл табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

📝 Осындай рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл шаралар тек заң бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға да бағытталған. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпайық.

“Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі